Сырдария ауданындағы Мәлібаев ауылы өткен жылы Тереңөзек кентіне қосылған. 1500 тұрғыны бар ауыл жұрты ауыз суды осыған дейін тасып ішті. «Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша барлық үйге су құбырлары тартылды.
Жалағаш ауданы Бұқарбай батыр ауылы да Тәуелсіздік күні қарсаңында таза ауыз суға қол жеткізді.
Жыл аяғына дейін бағдарлама аясында облыста 7 жобаның құрылысын аяқтап, пайдалануға беру жоспарланып отыр. Нәтижесінде 50 шақырым ауыз су жүйелері жаңғыртылып, 961 дана су есептегіштері орнатылатын болады.