Тәуелсіздік күні құрметіне Атырау облысы ІІД қызметкерлеріне наградалар тапсырылды
17:01, 19 Желтоқсан 2009
АТЫРАУ. Желтоқсанның 19-ы. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Тәуелсіздік күні құрметіне Атырау облысы ІІД қызметкерлеріне наградалар, грамоталар, алғысхаттар және ақшалай сыйлықтар тапсырылды.
Облыс ІІД бастығы Рахметжан Досанов ҚР Ішкі істер министрінің атынан ерекше көзге түскен полицейлерге грамоталар мен наградаларды тапсырды. Жылыой АІІБ бастығы, полиция полковнигі Нұрқат Оразбаевқа «Құқық тәртібін қамтамасыз етуде үздік шыққаны үшін» медалі берілді, ІІД көші-қон полициясы басқармасының бастығы, полиция майоры Руслан Әділов ҚР ІІМ Құрмет грамотасымен марапатталды. «ІІМ-дегі үздік қызметі үшін» төсбелгісі ІІД есірткі бизнесімен күрес басқармасының жедел уәкілі, полиция капитаны Руслан Садыров табыс етілді. Бірқатар полиция қызметкерлеріне алғысхаттар жарияланды және ақшалай сыйлықтар берілді.