Тәуелсіздік күніне арналған балалардың сурет көрмесі Тұңғыш Президент мұражайында өтеді

АСТАНА. 19 желтоқсан. ҚазАқпарат - Қазақстан Тәуелсіздігі күніне арналған балалардың сурет көрмесі 21 желтоқсанда елордадағы ҚР Тұңғыш Президенті мұражайында өтеді.

Экспозицияға «Туған жерім» деп аталатын балалар суреті  І  Халықаралық  байқауы  қатысушыларының  еңбектері қойылады.

 Елорданың ресми сайтының мәліметінше,  байқаудың басты мақсаты - жас  ұрпақтың бойында патриотизм мен азаматтық жауапкершілікті қалыптастырып,  Отанға деген сүйіспеншілік  сезімі мен Қазақстанның тарихы мен мәдениетіне деген қызығушылығын  арттыру, сондай-ақ балалардың көркем  шығармашылығын дамыту мен кеңінен насихаттау. 

Көрмеде: «Қазақстанның өткеніне саяхат», «Қазақстан халқының аңыздары мен ертегілері»,  «Қазақ халқының дәстүрі мен салттары», «Астана - болашақ қаласы»,  «Қазақстан  20 жылдан кейін» тақырыптарына  еліміздің барлық аймақтарынан жұмыстар ұсынылады. Қазақстан Суретшілер одағы мүшелерінен құрылған қазылар алқасы  ұсынылған жұмыстардың кәсіби деңгейінің жоғары  екендігін атап көрсетті.