Оның ішінде облыстық полиция қызметіне-12, облыстық сотқа-5, прокуратураға-3, ҰҚКД-2 және селолық округтердің әкімдігіне-11 жеңіл авто көлік беріліп отыр.
"Бүгін бізде ерекше күн. Жаңа пәтер, жаңа көлік алу бұл үлкен оқиға. Сіздердің жұмыстарыңыз автокөліксіз елестету өте қиын. Сондықтан құқық қорғау органдарының және селолық округ әкімдіктерінің материалдық-техникалық паркін жақсарту үшін мемлекет бұл мәселеге зор көңіл бөліп отыр. Бұл - Президентіміздің сіздерге деген сыйлығы", - деді шара барысында облыс әкімі.
Сонымен ол алдағы уақытта да осындай игі істердің жалғасын тауып, мемлекеттік органдардың автопаркінің нығайтыла беретінін жеткізді.