деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Гимназия директоры Бибі Дуанабаеваның айтуынша, осы шара арқылы оқушыларға Қазақстан тәуелсіздігін алу жолында атқарылған істерден кеңірек мағлұмат беріп, оларды ұлтжандылыққа тәрбиелеу. «Шараның негізгі мақсаты - жастарға өз Отанын мақтаныш ету және халқының тарихы мен мәдениетіне деген қызығушылығын арттыру», дейді директор.
Жиын барысында депутаттар мен желтоқсан оқиғасына қатысушылар Қазақстанның тәуелсіз мемлекет болып қалыптасу жолы мен болашағы жайында әңгіме қозғады. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Камал Бұрханов ата-бабаларымыздың осыдан жүздеген жыл бұрын мемлекет құрғандығын, олардың ішкі, сыртқы саясаты болғандығын және әрқашанда тәуелсіздік, мемлекеттік ұғымы санадан ұзап кетпегендігін жеткізді. Сондай-ақ халқымыздың мемлекеттілік сана сезімін жою үшін, тоталитарлық үкіметтің істеген қиянаттары жайында айтып өтті. «Бүгінгі жиынға келетін болсам, жастардың сөйлеген сөздері, айтқан ойлары, келтірген деректеріне риза болдым. Қазіргі қоғам дамуында өзіндік ой-пікірлері бар, белсенді бөлшек ретінде өздерін көрсетіп отыр», дейді депутат.
«Мектеп қабырғасындағы жастардың Тәуелсіздік қалай келгендігі жайлы білгілері келетіндігі қуантарлық жағдай. Осындай шараларды тек желтоқсан айы жақындағанда ғана өткізбей, басқа уақыттарда да жиі өткізіп тұрса жақсы болар еді», дейді М. Әуезов атындағы академиялық театрдың актері, желтоқсан оқиғасының қатысушысы Үсіпхан Сейтімбет.