Тәуелсіздік күніне орай Павлодар қаласында екі балабақша ашылады
16:43, 08 Желтоқсан 2011
ПАВЛОДАР. 8 желтоқсан. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Тәуелсіздік күніне орай Павлодардың кішкентай тұрғындарына екі балабақшаның есігі ашылады, деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметі.
Бүгін №33 балабақшаның салтанатты ашылуы өтеді, ал бір аптадан кейін №32 бөбекжайының қоныс тойы өтеді.
Мектепке дейінгі бұл екі мекеме 400 ұл мен қызды қабылдайды. Бұл жерде балалардың интеллектуалдық және жаттығулық, олардың шығармашылық қабілеттерінің дамуы үшін барлық жағдай жасалған.
Балабақшалар музыкалық залдар, бассейндер, медициналық кабинеттермен жабдықталған, ал алаңдарында қалқалар мен кіші ойындар үшін жабдықтар бар.
Балабақшаларды енгізумен бірге 90 тұрақты жұмыс орындары да пайда болды.