Мейрам күндері дүние есігін ашқан 109 сәбидің 58-і ұл, 51-і қыз. «Есіл ауданында 46 жаңа туылған нәресте тіркелді: 29 ұл және 17 қыз, Сарыарқа ауданында 36 нәресте: 22 қыз, 14 ұл, Алматы ауданында 27 сәби, 15 ұл мен 12 қыз», - деп хабарлады astana.kz сайты.
Айта кетейік, Астанада туу көрсеткіші ұдайы артып келеді. 2010 жылы қалалық босанатын әйелдерге дәрігерлік жәрдем беретін мекемелерде 16 444 сәби, 2011 жылы 19 177, 2012 жылы 21 266, ал 2013 жылдың 10 айында 18 871 бала дүниеге келген.