Өткен жылы құрылысы басталған емхана уақтылы әрі сапалы түрде аяқталды. Заман талабына сай жабдықталған аудандық емхана тұрғындардың денсаулығын жақсарту мақсатында салынған.
- Басты байлық саналатын денсаулықты нығайтудағы жұмыстар жалғасуда. Дәрігерлер үшін жұмыс жасауға емханада барлық жағдай жасалған. Ақ халаттылардың міндеті әрбір тұрғынға жылы қабақ танытып, сапалы қызмет көрсетулеріңіз керек. Қуаныштарыңыз құтты болсын, - деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.
Жалпы, емхана соңғы үлгідегі медициналық технологиямен жабдықталған. Енді тұрғындар толық тексеруден өту үшін облыс орталығына қатынап әуер болмайды.