Онда облыс әкімінің орынбасары Ербол Салықов ауыл тұрғындарын көптен күткен мәдениет нысанының ашылуымен және алдағы Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтап, мәдениет үйінің ұжымына облыс әкімдігі атынан су жаңа «Нива» автокөлігінің кілтін табыс етті. Мәдениет үйін әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту бағдарламасының аясында «ҚПО.б.в» компаниясының тапсырысымен жергілікті мердігер «Болашақ-Т» ЖШС компаниясы салды. Құрылыс жұмыстары биылғы маусым айында басталып, жоспарланған уақытында пайдалануға тапсырылып отыр. Нысанның сметалық құны - 212 млн. теңге. Осы нысан құрылысына 30 шақты ауыл тұрғыны тартылған. Мердігер компанияның басшысы Қайдар Қошанов жаңа нысанға құтты болсын айта келіп, мәдениет үйінің директоры Жанболат Жолақовқа ғимараттың бейнелік кілтін тапсырды.
Мәдениет үйінде кітапхана, гримерлеу, демалатын, шаруашылық, киім сақтайтын бөлмелер бар. Олардың барлығы заманға сай жиһазбен, компьютерлермен, үш теледидармен жабдықталған. Көрермен залы 200 адамға арналған. Сахна мен есік-терезе жабындары да ілінген. Еденге линолеум, керамикалық тақтайшалар төселген.
Салтанатты шараның соңы концертке ұласты.