Алдымен, серіктестік желіде тараған «Тәуелсіздік сарайы сүріледі» деген ақпаратты жоққа шығарды.
«Алайда, техникалық тексеру ғимарат шатырының металл құрылымында ақаудың барын көрсетті. Осы орайда, жекелеген элементтер бойынша күрделі жөндеу жүргізіледі», - делінген ресми ақпаратта.
Хабарламада айтылғандай, жөндеу жұмыстары биыл наурызда басталады деп жоспарланған.
«Тәуелсіздік сарайына бұған дейін қайта және күрделі жөндеу жүргізілмеген», - деп көрсетілген хабарламада.
Еске салсақ, Тәуелсіздік сарайының жөндеуден өтетіні осыдан бірнеше жыл бұрын мәлім болған еді.
Айта кетейік, Астанадағы Тәуелсіздік сарайында мемлекеттік және халықаралық деңгейдегі айтулы іс-шаралар ұйымдастырылады.