Нұрсұлтан Әбішұлы айтқандай: «Ата заң тәуелсіздігіміз бен тұтастығымыздың кепілі ретінде біздің бірлігімізді бекемдеп, елдегі тұрақтылық пен татулықтың берік тұтқасы болды», деп жазды Үкімет басшысы.
Егемендікке қол жеткізген жиырма жылда өз өміріңізде қандай өзгерістер орын алғаны жайлы, ауылыңызда, қалаңызда 1995 жылы қандай қызықты оқиға болғаны туралы, тәуелсіздіктің сіздің жеке басыңызға қалай әсер еткені туралы жазыңыздар. Жоба аяқталған соң, үздік пікір білдіргендерге кәде-сый дайын.
«Тәуелсіздік туралы 20 дерек» жобасымен Facebook, ВКонтакте әлеуметтік желілерінде және Премьер-Министрдің ресми сайтында http://pm.kz/20 танысыңыздар.