ТӘУЕЛСІЗДІК ТУРАЛЫ ПІКІР: Тату елдің түтіні түзу

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада өткен Қазақ елінің ұлттық мейрамы - Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік іс-шарада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған терең де мағыналы сөзі баршамызға ата-баба аманатының ауыр жүгін арқалау үшін ақыл-парасат пен күш-жігерімізді аямай жұмсау керектігіне үлкен ой тастап отырғаны рас.КСРО-ның құрметті мұнайшысы, «Парасат» орденінің иегері Нұрлыхан Бекбосынов «Егемен Қазақстан» газетінде осындай жүрекжарды пікірін білдіріп отыр.

«Мемлекет басшысы дүйім елдің алдында барлық қазақ-стандықтардың негізгі міндеті мен болжалды бағытын нақ-тылап берді. Біздің аса қастер тұтатын басты құндылығымыз Тәуелсіздік екені қандай анық болса, елдің егемендігін сақтау жолында тыныштық пен тұрақтылық, татулық пен түсіністіктің соншалықты маңызды екендігіне баса назар аудартты. Халқымыздың үлкен-кішісін жұмылған бір жұдырықтай болып ел ертеңі үшін, келешек ұрпақтың кемел болашағы үшін бір кісідей еңбек етуге шақырды. Әрине, бұл тек бізге жасалған үндеу ғана емес, бұл маңыздылығы аса салмақты жауапкершілік те», дейді мұнайшы.

Қоғам алдындағы, жас ұрпақ пен келер буын алдындағы үлкен жауапкершілікті терең сезіне отырып, әрқайсымыз Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың үніне үн қосып, күшіне күш біріктіруіміз керек деп есептеймін. Тату елдің түтіні де түзу, алар асуы да биік болмақ!