Соңғы 10 жылда мамандықтар саны үш есеге ұлғайды. Бүгінгі таңда магистратура 3 мамандық, резидентура 27 мамандық бойынша білім береді. Аталған бағыттар ашылғаннан бастап 7 жылдың ішінде 159 магистрант пен 919 резидент дайындалды.
Алматының емдеу-профилактикалық ұйымдарында ҚазҰББУ-ның 70 клиникалық базасы бар. Онда университет мамандары емдеу-диагностикалық және консультативтік көмек көрсетеді.
«Соңғы 25 жылда 340 мыңнан астам паценттер емделіп, 900 мыңнан астам адамға консультативтік қызмет көрсетілді, 130 мыңнан астам адамға ота жасалды», - делінген ҚР ДСӘДМ хабарламасында.
ҚазҰББУ-ның бірнеше кафедралары жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсетіп келеді. Мәселен, 2015 жылы 897 пациентке аталған медициналық көмек көрсетілген болатын.