«Біздің Тәуелсіздігімізге 20 жылдан сәл ғана асты. Осы жылдары біздің елдің экономикасы 16 есеге, халықтың әл-ауқаты 15 есеге өсті. Бүгінде алтын валюта қоры 100 млрд. доллардан асып түсті», - деді Президент.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Дүниежүзілік экономикалық форумның жаһандық бәсекеге қабілеттілік есебі нәтижелеріне сәйкес, биыл Қазақстан 144 елдің арасында 50-орынды алғандығын атап өтті. Мұнымен қоса Елбасы Дүниежүзілік банктің бизнесті жеңіл жүргізудің жыл сайынғы рейтингінде Қазақстан 50-ші орынға тұрақтағанын жеткізді.
Бизнес-форумға екі ел тарапынан 250-ге жуық делегат қатысты. Жиын барысында Қазақстан жағы Иран делегациясын елімізде жүргізіліп жатқан индустрияландыру бағдарламасымен таныстырып, аталған елдің бизнес өкілдерін жобаларды іске асыруға шақырды.