Тәуелсіздікке арналған жаңа кітаптың тұсаускесері болып өтті
12:48, 23 Желтоқсан 2009
ҚЫЗЫЛОРДА. Желтоқсанның 23-і. ҚазАқпарат (Руслан Игілік) -Қызылорда гуманитарлық заң колледжінің мәжіліс залында «Тәуелсіздіктің он сегіз асуы: құлдыраудан өрлеуге дейін» атты кітаптың тұсаукесері болып өтті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Шығармашылық кешке кітап авторлары - облыс әкімінің орынбасары, саяси ғылымдар докторы Мұрат Мұхамедов пен Бекмырза Сырымбетұлы қатысты.
Кітапта Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы саяси-құқықтық, экономикалық-әлеуметтік, мәдени және эволюциялық дамуы баяндалған. Сондай-ақ мемлекетіміздің қалыптасу кезеңіндегі қиыншылықтардан бастап қазіргі күнгі өрлеу сатысына дейінгі жүріп өткен сара жолы оқырмандар назарына ұсынылған.Төл туындының түрлі тарауларында КСРО-ның ыдырауы мен республикалар тәуелсіздігі, экономикалық реформалар, саяси сынақ жылдары, қаржы дағдарысын еңсеру кезеңі, жалпы Тәуелсіз ел тарихының маңызды оқиғалары жайында әңгімеленеді.