Шара Білім және ғылым министрлігінің, Конституциялық Кеңестің, Астана қаласы әкімдігі мен «ТАУ Бастау КZ» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен жүзеге асты.
Жиын барысында Қазақстанның саяси өмірін одан әрі демократияландыру және жаңғырту мәселелері талқыға салынды. Бұдан бөлек, Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдық кезеңдері барысындағы еліміздің халықаралық құқық шеңберіндегі және сыртқы саясатындағы даму жолдары сараланды.
Конференцияға мемлектетік орган өкілдері, парламент депутаттары, шетелдік дипломаттар, қазақстандық және шетелдік ғалым-құқықтанушылар қатысты.