Тәуелсіздіктің 20 жылы Қазақ елі үшін үлгі тұтарлық нәтижелі, жемісті жылдар болды - Президент поштасынан
19:13, 29 Қараша 2011
ТАНА. 29 қараша. ҚазАқпарат. Мемлекет басшысының атына Алматы қаласындағы бір топ жастардың атынан хат келіп түсті, деп хабарлайды ҚР Президентінің баспасөз қызметі.
Хат авторлары «Тәуелсіздіктің 20 жылы сан алуан ұлт өкілдерін бір шаңырақтық астына жиған мемлекетіміз үшін, талай ауыртпалықты жеңе білген Қазақ елі үшін үлгі тұтарлық нәтижелі, жемісті жылдар болды», деп жазады.
Елбасын Тәуелсіздік мерейтойымен шын жүректен құттықтап, ел мүддесі жолындағы қызметіне сәттілік және елімізге гүлдену тілеген ізгі тілекке толы хатқа А.Қырықбай, Г.Көбеева, А.Сқабылұлы, А.Игілікова, Ә.Тұрдығұлов, М.Нәлібаев, Қ.Төсекбаев, Д.Маратұлы, Г.Байбақова және «Жастар жырлайды» бағдарламасына қатысқан 32 айтыскер ақын қол қойған.