Оның ішінде, 107 мыңға жуығы отандық әуе компанияларымен, ал 308 мыңы шетелдік әуе компанияларымен жүзеге асырылған рейстер. Бұл – Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы рекордтық көрсеткіш.
ҚР Көлік министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, 2024 жылдың бірінші тоқсанында еліміздің әуе кеңістігінде 90 мыңнан астам аэронавигациялық қызмет көрсетілген. Оның ішінде, отандық әуе компанияларымен жасалған 25 мың рейс пен шетелдік әуе компаниялары жүзеге асырған 69 мың рейс.
ҚР Көлік министрлігінің «Қазаэронавигация» РМК республиканың бүкіл аумағында әуе қозғалысын ұйымдастырумен айналысады (2,7 миллион шаршы шақырым). Бақыланатын әуе трассаларының жалпы ұзындығы 111 мың шақырымды құрайды. Кәсіпорынның негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету.