Бүгін Үкіметтің цифрландыру және жасанды интеллект тақырыбына арналған көшпелі отырысынан кейін БАҚ өкілдері Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиевтен Тәуелсіздік күні мерекесінде баяу интернетке қатысты сауал жолдады.
- Интернет бойынша кез келген ақауға автоматты түрде әрекет етеміз. Алдағы мерекеде ақау болмайды деп ойлаймыз. Менде интернеттің нашарлауы митингімен байланысты деген ақпар жоқ, - деді Жаслан Мәдиев
Осы орайда журналистер министрден интернеттің төмендеуінің, дұрыс ұстамауының нақты себебін сұрады.
- Елімізде көптеген мәліметтер базасы бар, олардың барлығы бір-бірімен біріктірілген. Бұл технологиялардың артында ауқымды сұраныстар мен процестер жатыр. Сондықтан интернет бойынша ақау кез-келген ұйымда, банкте, мемлекеттік органда немесе кез-келген елде болуы мүмкін. Біз бұл мәселеге тез әрекет етіп, жылдам шештік, адамдар ақаудан 3-4 күн бойы интернетсіз қалған жоқ. Әр жайт бойынша репортаж дайындайтын тиісті мамандар бар және алдағы уақытта мұндай қателіктер қайталанбауы үшін шаралар қабылдануда, - деп толықтырды министр.
Айта кетейік, биыл Қазақстан интернеті ең арзан елдер тізіміне енді.