«Тәуелсіздік ұрпақтары»: Биылғы грант иегерлері анықталды

Фото: Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM — «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының жеңімпаздар анықталды. Бұл туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі хабарлады. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен жыл сайын «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты беріледі. 

Мақсат — белсенді шығармашыл жастар қауымдастығын қалыптастыруға бағытталған жаңа идеялар мен бастамаларды мемлекеттік қолдау.

Жылдағы дәстүр бойынша комиссия 6 бағыт бойынша ең жоғары балл жинаған 30 жобаны іріктеп алды. Әр жобаға 3 млн теңгеден грант беріледі.

«Ғылым» — жаңа ғылыми жобаларды және зерттеулерді іске асыруға арналған;

Фото: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі

«Мәдениет» — Қазақстанның мәдени мұрасын танымал етуге, халықтық мәдени дәстүрлер мен өнерді ілгерілетуге бағытталған жобаларды іске асыруға арналған;

«Ақпараттық технологиялар» — жаңа IT шешімдер мен жобаларды, оның ішінде жаңадан басталған стартап жобаларды іске асыруға және әзірлеуге арналған;

Фото: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі

«Бизнес» — жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған;

«Медиа» — жаңа медиа жобаларды, оның ішінде жастар үшін танымдық, пайдалы, қызықты контент құру жөніндегі жобаларды іске асыруға арналған;

Фото: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі

«Волонтерлік» — өзекті, әлеуметтік проблемаларды шешуге бағытталған волонтерлік жобаларды (бастамаларды) іске асыруға арналған.

Айта кетейік, «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантына өтінім қабылдау 16 маусымда басталған болатын.