Оның айтуынша, мемлекет жастардың ғылым, мәдениет, шығармашылық, қоғамдық қызмет және жаңа индустриялар саласындағы бастамаларын қолдауға басымдық беріп отыр.
— Биылдың өзінде «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантына екі мыңнан астам өтінім келіп түсті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 34,5 пайызға көп. Үздік отыз жобаға үш миллион теңгеден грант беріледі. Өтінімдер ғылым, мәдениет, бизнес, IT, медиа және волонтерлік салалардағы жобаларды қамтиды, — деді спикер.
Оның айтуынша, қзір елімізде жастардың бастамаларын қолдауға арналған бірнеше жоба бар.
— Мәселен, олардың қатарында «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы, «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты, Президенттік арнаулы әдеби сыйлық және «Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығы бар. Сонымен қатар жастардың креативті индустриядағы мүмкіндіктерін кеңейтуге де көңіл бөлініп отыр. Өңірлерде креативті орталықтар ашылып, Креативті индустрияны дамыту қоры жұмысын бастады. Сала өкілдеріне «Болашақ» бағдарламасы арқылы білім алу және тағылымдамадан өту мүмкіндігі берілді, — Евгений Кочетов.
Оның дерегінше, бүгінде креативті индустрия саласында 46 мың шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі жұмыс істейді. Бұл салада шамамен 156 мың адам еңбек етеді.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда кейінгі екі жылда 22,6 мың жас азамат өз кәсібін бастау үшін қайтарымсыз мемлекеттік грант алғаны хабарланды.