Таулар мен қауіпті учаскелердегі қардың деңгейіне бақылау қатаң жүргізілетін болады - В.Божко

None
АНА. 14 қаңтар. қазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Қазақстанның Таулар мен қауіпті учаскелердегі қардың деңгейіне бақылау қатаң жүргізілетін болады.

Бұл туралы бүгін Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтің қатысуымен өткен Төтенше жағдайлар министрлігінің алқа мәжілісінде ведомство басшысы Владимир Божко айтты.

Төтенше жағдайлар министрі, өткен жылғы көктемгі маусымда қардың еруі ел халқын біраз әбігерге салғанын және өкінішке қарай қайғылы оқиғалардың орын алғанын атап өте келе: «Кәрім Қажымқанұлы, сіздің тапсырмаңызға сәйкес тауларда және қауіпті учаскелерде қардың деңгейіне бақылауды қатаң жүргізетін боламыз. Бұл ретте, өңірлердегі Төтенше жағдайлар департаменттерінің басшылары мен «Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесі «Қазгидрометпен» тығыз жұмыс жасауы тиіс», - деді.

Сондай-ақ В.Божко, еуропалық ғалымдардың «ХХІ ғасырдың соңында дүниежүзіндегі мұздықтардың 70 пайызы жойылады», деген болжамын тілге тиек етіп, өз еліміздегі мұздықтардың еру қарқыны да алаңдаушылық туғызып отырғанын атап өтті. Бүгінде Қазақстанда 2700 мұздық бар және көптеген өзендер осы мұздықтардың еріген суымен толығады.

Ведомство басшысының сөзіне қарағанда, мұның соңы неге алып келетініне болжамды қазірден жасай беруге болады.

«Мұздықтардың еруінен елдің таулы аумақтарында көптеген көлдер пайда болды. Оларда бүгінгі күні 100-200 текше метр су жиналған. Ең үлкені Қорғас өзенінің жоғары сағасында орналасқан және олар жақын маңдағы елді мекендерге қауіп төндіруі мүмкін», - деді ол.