Синоптиктердің болжамынша, солтүстік антициклон әсерінен еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек солтүстік-батыста, солтүстікте, орталық пен оңтүстіктің таулы аудандарында фронталды бөлімдердің өтуімен жауын-шашын болады. Бұл аймақтарда жаңбыр жауады.
Республиканың біраз аумағын түнгі және таңертеңгі уақытта тұман басады. Еліміздің солтүстігі мен оңтүстік-шығысында жел күшейеді.
Астана қаласында күн бұлтты, ауа температурасы 10 12 градус болады.
Алматыда күн жылы, термометр 20 22 градусты көрсетеді.
Ал Шымкент қаласында 23 25°C жылы болады.
Айта кетейік, Қазақстанның 15 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды.