Тәулік ішінде 3 адамның ажалы судан болды - ҚР ТЖМ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жамбыл облысы Қордай ауданы Қасық ауылындағы «Георгиевка» каналына суға шомылу кезінде 2000 жылғы бала суға кетті, деп хабарлайды ҚР ТЖМ. Баланың денесі жергілікті тұрғындардың көмегімен судан шығарылды.

Сондай-ақ Жамбыл облысы Талас ауданы Қаратау ауылындағы Жартас көліне 16 жасар жеткіншек суға батып кетті. Мәйіт ҚР ТЖМ Жамбыл облысы ТЖД судан құтқару қызметінің (3 адам, 1 техника) көмегімен судан шығарылды.

Маңғыстау облысы Қарақия ауданында да дәл осындай қайғылы жағдай орын алды. Кендірлі шығанағына суға шомылу кезінде 1986 жылғы ер адам суға кеткен. Оның денесін демалыс базасының қызметкерлері судан алып шықты.