Тексеру барысында ұсталған әйел ер адаммен бірге үй жалдап тұрғаны және спиртті ішімдіктерге жиі әуес болғандығы анықталды. Осындай «тойлатудың» бірінде екеуінің арасында жанжал туындап, әйел еркекті пышақтап тастаған. Ол алған жарақаттарынан оқиға орнында мерт болды.
Әйел қылмысы туралы көршісіне айтып, ол жедел жәрдем шақырған. Оқиға орнына келген полиция қызметкерлеріне әйел істеген қылмысын мойындаған. Аталған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған азаматша Астана қалалық ІІД-нің уақытша ұстау абақтысына қамалды.
Сонымен қатар, елордалық ІІД «Алматы» аудандық ІІБ қызметкерлері де тағы бір ауыр қылмыстың бетін ашты.
Оқиға орнына барған жедел тексеру тобының қызметкерлері бір пәтерді жалдап тұрып жатқан Өзбекстанның екі азаматы сөзге келіп қалғанын анықтады. Жанжалдың арты бірте-бірте төбелеске ұласып, біреуі екіншісіне пышақ сұққан. Жарақаттан ер адам сол жерде қаза болды.
Ұсталған азамат қылмысын мойындады. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.