Тәулік ішінде мыңнан астам адам доңыз тұмауын жұқтырды
13:09, 04 Қыркүйек 2009
АСТАНА. Қыркүйектің 4-і. ҚазАқпарат - Еуропада өткен тәулік ішінде адамдардың А/H1N1 тұмауын жұқтырған 1 мың 193 жаңа жағдайы тіркелді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК сайтына сілтеме жасап.
Жарияланған есепке сай Португалияда - 380, Германияда - 323, Италияда - 258 және Норвегияда - 128 жұқтырудың жаңа жағдайы анықталған. Қалған 104 жағдай Еуропаның басқа елдерінде тіркелген.