Моника Самаан 2005 жылы Сидней маңындағы KFC мейрамханасында «твистер» жеп, сальмонеллез дертіне шалдыққан, деп хабарлайды ресейлік жаңалықтар қызметі.
Ауыр дерттен қыз бала қозғалу қабілетінен айырылып, тіл-аузы байланып, өмір бойына мүгедек арбасына таңылған.
Жаңа Оңтүстік Уэльс австралиялық штатының Жоғарғы соты KFC компаниясы қызды емдеу және оған күтім көрсету міндетін орындамағандығына байланысты 8 млн австралиялық доллар көлемінде айыппұл салды (8,3 млн АҚШ доллары), деп жазды BNews.kz сайты.