Тайланд төріндегі додаға еліміздің атынан жеті боксшы аттанған болатын. Кеше жартылай финалға шыққан үш боксшымыздың ішінен тек 69 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Садриддин Ахмедов финалға шықты. Отандасымыз жартылай финалда филиппин боксшысы Жоэль Бахоны жеңді. Енді ол алтын медаль үшін өзбек боксшысы Шахрам Гиясовпен жұдырықтасатын болады.
Айта кетсек, Кеше жартылай финалдағы жекпе-жектерде 52 келіге дейінгі салмақта Азат Махметов кубалық Залдивар Сантистеба Франкқа жол берсе, 75 келіге дейінгі салмақта Ерік Әлжанов «Бостандық аралының» боксшысы Иглесиас Эстрада Ослейден ұтылып қалды. Нәтижесінде екі боксшымыз қола жүлдені қанағат тұтты.