«Тұтыну мен өндіру теңгерімі тұрғысынан, сонымен қатар біздің қазіргі уақытта жасаған келісімшарттық көлемдерімізге сәйкес біз таяу аптаның ішінде жағдай біршама жақсарады деп күтіп отырмыз», - деді Әсет Мағауов.
Айта кетейік, бұған дейін хабарлағанымыздай, брифинг барысында ҚР Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов Қазақстан Ресейден импортталатын бензин көлемін арттыратындығын және мұндай қадам бензин тапшылығына жол бермеу үшін жасалып отырғандығын айтқан еді.
«Шамамен 20 мың тоннаны Газпромнефт импорттауы тиіс. ҚазМұнайзГаз 10 мың тоннаға келісімшарт жасасты, 20 мың тоннаға арналған қосымша келісімшарт қол қою кезеңінде тұр. Меніңше, бүгін-ертең оған қол қойылады. Бұған қоса, Гелиос, Синойл компаниялары Уфа тобына кіретін зауыттардан 20 мың тонна жеткізу жайын талқылауда», - деген еді вице-министр.