«Қазақстанның орталық аудандарында орналасқан циклон тылына Карск теңізінен арктикалық ауа келіп түседі. Сондықтан солтүстік облыстарда түнгі температура көтеріліп, 23-30º-ға дейін аяз болады деп күтілуде. Бұл нормадан 4-8º төмен.
Жақын тәуліктерде бұл аудандарда қар жауып, бұрқасындатады, батыстан 15-25 м/с жел соғады деп күтілуде. Ал республиканың оңтүстігі белсенді фронтальдық аймақ ықпалында болады, бұл жерлерде 7-9 қаңтарда жауын-шашын, тұман, көктайғақ орын алады деп күтілуде. Жерортатеңізі ауданынан жылы, ылғалды ауа әкелген оңтүстік-батыс ағындардың ықпалымен температура әдеттегіден 3-6º жоғары болады деп болжануда», - делінген хабарламада.