Жалпы алғанда Қазақстанға 10 275 Қазақстан Республикасының азаматы қайтарылды.
Қазақстан азаматтарын эвакуациялау әртүрлі бағыттар арқылы, оның ішінде әуе және құрлық жолдарымен жүзеге асырылды.
Қазақстан Республикасының өңірдегі дипломатиялық өкілдіктері жергілікті жерлерде шет мемлекеттердің құзыретті органдарымен өзара іс-қимылды үйлестіріп, отандастармен тұрақты байланыста болып, Қазақстан азаматтарына қажетті көмек көрсетті.
– Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі қазақстандықтардың Отанына қауіпсіз оралуын қамтамасыз етуге көрсеткен қолдауы үшін мемлекеттік органдарға және шетелдік әріптестерге алғыс білдіреді, - делінген хабарламада.
Қазақстанның мемлекеттік органдары мен дипломатиялық өкілдіктерінің ұйымдастыруымен Таяу Шығыс өңірінен Қазақстанға 9 926 қазақстандық азамат қайтарылғанын жазған болатынбыз.
Жалпы алғанда6 Қазақстанға 10 275 Қазақстан Республикасының азаматы қайтарылған.
Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты 4 мыңнан астам қазақстандыққа қолдау көрсетілді.