Ақпаратта Global FirePower рейтингінің мәліметі мысалға келтірілген. Онда Таяу Шығыс елдерінің ғаламдық рейтингтегі орны көрсетілген.
Сонымен, Таяу Шығыста қорғаныс шығыны бойынша Сауд Арабиясы көш басында. Мемлекет қорғаныс саласына 71,7 млрд АҚШ долларын бөлген. Ал Түркия – 40 млрд АҚШ доллары, БАӘ –15,5 млрд АҚШ долларын шығындаған.
Бұл бағытта Израиль 24,4 млрд доллар жұмсаса, Иранның қорғаныс бюджеті 10 млрд долларға бағаланып отыр.
Ескеретін жайт, ұйым әскери техниканың сапасы, кадр даярлығы, технологиялық артықшылығы мен аймақтағы ықпалын да қаперге алған. Сондықтан кей елдің қорғаныс бюджеті көп болғанымен, тізімде сапа мен әскери тәжірибе тұрғысынан өзге мемлекеттен кейін қалып отыр.
Мысалы, рейтингте Израиль – 17-орын, Иран – 14-орында екенін байқауға болады. Ал қорғаныс шығыны көп Кувейт, Оман, Ливия секілді елдер 70-80-орындарда тұр.
Бұған дейін Израиль Иранмен атысты тоқтатуға келіскен болатын. Кейін Тель-Авив Тегеранды зымыран атты деп айыптап, атысты тоқтату режимі бұзылды.