— Министрлік азаматтарды жағдайды мұқият қадағалап, сапарларды жоспарлау кезінде, әсіресе Парсы шығанағы елдеріне, соның ішінде Біріккен Араб Әмірліктеріне бару барысында туындауы мүмкін қауіп-қатерлерді ескеруге шақырады, — деді Айбек Смадияров.
Оның айтуынша, қажет болған жағдайда Қазақстан азаматтарының елге оралуы Туристік қорға және әуе компанияларына сүйене отырып қамтамасыз етіледі.
Сонымен қатар ресми өкіл мемлекеттік органдардың ескертуіне қарамастан, соңғы екі күнде Қазақстаннан БАӘ бағытындағы барлық әуе рейсі толық ұшып жатқанын айтты.
— Таяу Шығыс елдеріне сапар алдында барлық тәуекелді ескеріп, салмақты және негізделген шешім қабылдау қажет, — деп атап өтті.
Айта кетейік, 70-ке жуық қазақстандық Ираннан шығарылғанын жазғанбыз.