БҰҰ-ның Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі ұйымы (ЮНЕСКО) Таяу Шығыста орналасқан алты тарихи нысанды қауіп төнген дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізді.
Тиісті шешім Оңтүстік Кореяның Пусан қаласында өтіп жатқан ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұра комитетінің 48-сессиясында қабылданды.
Тізімге Ливанның Амель тауы ауданындағы бес қамал, соның ішінде XII ғасырда салынған Бофор қамалы енгізілді. Бұған дейін Израильдің Қорғаныс министрі Исраэль Кац ел армиясы Бофор қамалын бақылауға алғанын мәлімдеген болатын.
Сондай-ақ ЮНЕСКО қауіп төнген мұралар қатарына Иордан өзенінің Батыс жағалауындағы Себастия археологиялық кешенін қосты.
Бұған дейін Тир қаласының билігі Израильдің соққылары салдарынан 60 адамның қаза тапқанын және ЮНЕСКО-ның мәдени мұра нысандары зақымданғанын хабарлаған еді.
Айта кетелік 22 жылдан кейін Қазақстанның жаңа нысаны ЮНЕСКО тізіміне енуі мүмкін.