Таяу Шығыстағы қақтығыстан зардап шеккен Қазақстан азаматтары жоқ – СІМ

Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – Таяу Шығыстағы шиеленіс салдарынан зардап шеккен немесе қаза тапқан Қазақстан азаматтары бар ма? Бұл сауалға Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров жауап берді.

«Израиль, Иран және Ливанда зардап шеккен немесе қаза тапқан қазақстандықтар туралы ақпарат түскен жоқ», - деп қысқа қайырды Айбек Смадияров ведомствода өткен баспасөз мәслихатында. 

Айта кетсек, Қазақстанның консульдығы есебінде Израильде 120 азамат, Иранда 102 азамат және Ливанда 139 азамат тұр. Оның ішінде дипломаттар мен олардың отбасы мүшелері де бар.
Осы орайда еліміздің Сыртқы істер министрлігі аталған елдердегі Қазақстан азаматтарын консульдық есебіне тұруға шақырады.

Бұған дейін Қазақстанның Израильдегі Елшілігі Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты үндеу жасағанын жазған болатынбыз.

Айта кетейік, бұған дейін Иран Израильді бомбалады, қаптаған зымыран ұшырды.

Артынша, Ұлыбритания Иранның Израильге зымырандық шабуылын айыптады.

Сондай-ақ Иран мен Ауғанстан шекарасында 10 шақырымдық қабырға тұрғызылды.

Қазақстанның Азаматтық авиация комитеті Таяу Шығыстағы күрделі ахуалға байланысты мәлімдеме жасады.

Сондай-ақ Израиль, Иран және Ливанда қанша Қазақстан азаматы есепте тұрғаны белгілі болды.