Ұлттық банк басшысының сөзіне қарағанда, мұнай бағасы өзгеруінің әсері бірден байқалмайды.
— Әзірге, айтарлықтай тікелей әсерін байқаған жоқпыз. Өйткені мұнай бағасының өсуі біраздан кейін әсерін береді, яғни бір жарым немесе екі ай уақыт керек, — деді Т. Сүлейменов Парламент Мәжілісінде тілшілер сұрағына жауап бере отырып.
Сонымен қатар ҰБ төрағасы қазір мұнайдың бюджеттегі бағасын қайта қарастыруға алғышарттар жоқ екенін атап өтті.
Айта кетейік, Израиль мен Иран арасындағы жағдайдың ушығуы әлемдік мұнай бағасының өсуіне әсер етті.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта елорданың ақша айырбастау пункттерінде:
— доллар 484,99 теңгеден сатып алынады, 491,97 теңгеден сатылады;
— еуро: сатып алу — 562,00 теңге, сату — 573,42 теңге;
— рубль: сатып алу — 6,50 теңге, сату — 6,80 теңге;
— юань 68,81 теңгеден сатып алынады, 73,86 теңгеден сатылады.