Таяу Шығыстан Қазақстанға 9926 азамат эвакуацияланды

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстанның мемлекеттік органдары мен дипломатиялық өкілдіктерінің ұйымдастыруымен Таяу Шығыс өңірінен Қазақстанға барлығы 9 926 қазақстандық азамат қайтарылды. 

Фото: Нұрбибі Теміртасова/Kazinform

Ираннан Түрікменстан шекарасы арқылы жерүсті бағытымен үш Қазақстан азаматы эвакуацияланды. Эвакуация басталған сәттен бері Ираннан жалпы 69 қазақстандық елге жеткізілді. 

Сонымен қатар Израильден 68 Қазақстан азаматы елге қайтарылды. 

Қазақстанның өңірдегі дипломатиялық өкілдіктері жергілікті деңгейде үйлестіру жұмыстарын жалғастырып, отандастармен тұрақты байланыс орнатып, оларға қажетті көмек көрсетіп жатыр. Бұл шаралар Қазақстан азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты 4 мыңнан астам қазақстандыққа қолдау көрсетілгенін хабарлағанбыз.