Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты мұнай бағасы қымбаттап барады

АСТАНА. 28 ақпан. ҚазАқпарат - Ливиядағы тәртіпсіздіктер Оманға өтіп, Таяу Шығыстағы жағдай ушыға түскеннен бері, мұнайдың бағасы аспандап барады.

«Қара алтынның» әлемдік жеткізіліміне алаңдаушылық туғызып отырған осы оқиғалардың нәтижесінде Нью-Йорк биржасында кешегі саудада Light Sweet Crude Oil маркалы мұнайдың сәуір айындағы фьючерстері 1,6 долларға көтеріліп, 99,48 доллар/баррельге жетсе, Лондон биржасында Brent маркалы мұнайдың бағасы 2,11 долларға қымбаттап, 114,25 доллар/баррельді шамалады.