Таяу уақытта Астанадан Бангкокқа әуе қатынасы ашылады

None
АСТАНА. 22 сәуір. ҚазАқпарат - Алдағы жақын уақытта Астанадан Бангкокқа тікелей әуе рейсі ашылады.

Бұл туралы бүгін Ақордадағы брифингте аталған елдің Елшісі Чарна Жулламон мәлім етті.

Елші атап өткендей, бүгінде Қазақстан мен Таиланд арасындағы екіжақты ынтымақтастық жақындай түсуде. «Жақында Астанадан Бангкокқа тікелей әуе қатынасы ашылатын болады. Бұл тұрғыда Таиландтан Қазақстанға туристер саны айтарлықтай арта түседі», - деді Ч. Жулламон.