Таяу және Орта Шығыстағы ахуал мен Қазақстандағы жағдай түбірімен ерекшеленеді -Б. Сұлтанов

АЛМАТЫ. 2 наурыз. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Таяу және Орта Шығыстағы ахуалдың Қазақстанда қайталануына еш негіз жоқ.

Бұл туралы бүгін Алматыда "Араб дағдарысы: себебі, қауіп-қатерлері, салдары" деген тақырыпта өткен сарапшылар мәслихатында айтылды.

"Ішкі және сыртқы саясат мамандары араб әлемінде не болып жатқаны туралы өз пікірлерімен бөлісіп, алдағы уақытта ахуал қалай дамитыны туралы болжам жасауы үшін біз бүгін жетекші қазақстандық ғалымдарды жинауға тырыстық. Қазір қоғамда әр қилы көзқарас бар. Біреулер Ливан, Тунис, Египет тәжірибелері күшті мемлекеттік биліктің баламасы бейберекетсіздік пен хаос дегенді айтуда. Қазіргі төңкеріс шынында да жекелеген елдерді ғана емес бүкіл Таяу Шығысты тынышсыздандырды. Батыстық БАҚ Ливия, Тунис, Египет қалаларындағы тәртіпсіздік туралы сюжетке толды. Сондай-ақ 100 мыңдай адам қазірдің өзінде бұл елдердің өзге елдермен арадағы шекараларында жинақталып қалды. Баға онда күрт өсті. Бұл алдағы уақытта одан ары жалғаса беретін болады. Біз сіздермен бірге мемлекеттердің құлауын тамашалаумыз мүмкін. Ол ешкім бақыламайтын лаңкестік және қылмыстық аймақтардың пайда болуына әкелуі де мүмкін", - дейді ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры Болат Сұлтанов.

Саясаттанушының айтуынша, тұрақсыздық ошағын қалыптастыру енді әлемнің барлық жеріне таралатын болады. Әскери диктатуралық жүйедегі Таяу және Орта Шығыс елдеріндегі жұмыссыздық деңгейі Ливияда - 40, Иеменде - 35, Тунисте -22, Алжир мен Египетте -20 пайызды құрады. Ондағы демографиялық дүмпу нәтижесінде жұмыссыздық алғашқы кезде жастарға әсер етті. Мәселен, Египетте халықтың үштен екісінен астамын - 15 жасқа дейінгілер құрады. Сондықтан да жастар әлеуметтік наразылық білдірушілердің алдыңғы қатарында болды.