Таяу жылдары Қазақстан өзін-өзі 100 пайыз сапалы азық-түлікпен қамтамасыз етеді - ҚР Президенті

None
АСТАНА. 2 наурыз. ҚазАқпарат - Таяу жылдары Қазақстан өзін-өзі 100 пайыз сапалы азық-түлікпен қамтамасыз етеді.

Бұл туралы бүгін Ақордада елімізде тіркелген дипломатиялық өкілдіктердің басшыларымен кездескен Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді.

Қалыптасқан дәстүр бойынша жыл сайын елімізде тіркелген дипломатиялық өкілдіктердің басшыларымен кездесіп, ішкі-сыртқы саясат жөнінде пікір алмасу дәстүрге айналғандығын атап өткен Елбасы, бұл ретте еліміздің ауыл шаруашылығы саласына зор көңіл бөліп отырғандығына тоқталды.

«Бүгінде Қазақстан өзінің 3/2 бөлігін сапалы азық-түлікпен және шикізатпен қамтамасыз етеді. Біз таяу жылдарда азық-түліктің барлық түрі бойынша өзімізді 100 пайыз қамтамасыз етуге қол жеткіземіз»,-деді ҚР Президенті.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Қазақстанның аграрлық секторы әлемдік нарыққа астықпен қатар ет өнімдерінің экспорттық әлеуетін арттыратындығын атап өтті.