«100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 97-ші қадамының ұсыныстарына сәйкес аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, елді мекендер мен ауылдық округтердің әкімдеріне жер ресурстарын басқару бойынша қосымша қызметтер, сонымен қатар жергілікті қоғамдастық жиынына әкім кандидатурасын тағайындауға келісім беру, оны қызметінен босатуға бастамашы болу және жергілікті маңыздағы өзге де мәселелерді шешу кезең-кезеңімен беріледі. 98-ші қадам аясында мемлекеттік бюджеттік жеке деңгейі ретінде жергілікті өзін-өзі басқару бюджетін кезең-кезеңімен енгізуді қарастырады. Бірінші кезең, 2016-2017 жылдары қосымша екі салықты бере отырып, жергілікті өзін-өзі басқарудың салықтық әлеуетін күшейту ұсынылуда. Жергілікті өзін-өзі басқарудың жеке бюджетін енгізу 2 кезеңде, 2018 жылдан бастап қарастырылған», - деді ол.
Сонымен қатар оның атап өтуінше, заң жобасында облыс орталықтарында және республикалық маңызы бар қалаларда азаматтардың сәйкесінше бюджет жобаларына талқылауға қатысуы тетіктерін енгізу қарастырылған.