Таяуда аюлар мен пілдер Жер бетінен жойылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Стэнфорд университетінің сарапшылары Жердің алдағы тағдыры туралы ғылыми қорытынды жасады: Жерде күллі тарих бойынша жануарлар әлемі жойылуының алтыншы кезеңі басталды, деп хабарлады Утро.ru.

Зерттеушілер тобы үрдісті зерделеуге және Жердегі тіршілік иелерінің жойылу жылдамдығына жаңа тәсілдерді қолданып, зерттеу жүргізді. Деректерге сәйкес қазір 16-дан 33 пайызға дейін жануарлар әлемі толықтай жойылып кету қаупінде тұр.

Жалпы XVI ғасырдан бастап Жерде 300-ден астам омыртқалы жануарлар түрі жойылған. Яғни, олар екі есеге азайған. Қалған түрлер 25 пайызға төмендеген. Бұл ретте жойылу қарқыны мың есеге артқан.

Ғалымдар осы жолғы жағдай табиғи құбылыстарға байланысты екенін айтады. Бұған бүгінде қалыпты ортаны өзгертуге тырысып жатқан адамзат кінәлі. Бұл ірі жануарлар: піл, аюлардың жойылып кетуіне әкеледі.

Мамандар мұның алдын алуға болатынын айтады, алайда оған көп күш қажет. Атап айтқанда, жануарлардың кейбір түрлерінің мекенін ауыстырып, оларды жаңа жағдайға бейімдеу қажет.

Еске сала кетейік, қазір жануарлар әлемі мен өсімдіктер әлемінің ірі көлемде жойылуының бес жағдайы белгілі. Сонымен, 66 млн. жыл бұрын динозаврлар мен төрт түрлі жануарлардың үш түрі жойылған. Ал шамамен 252 млн. жыл бұрын кезекті табиғат катаклизмі салдарынан сол кезде мекен еткен жануарлардың 90 пайызы жойылып кеткен.