Таяуда банктерді телекоммуникациялық компаниялар алмастыруы мүмкін - Қ. Есекеев

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жақын болашақта банктер телекоммуникациялық компаниялармен алмастырылуы мүмкін. Бұл туралы бүгін Астанадағы Тәуелсіздік сарайында БҰҰ-ның «Электрондық үкімет» жаһандық форумында «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеев мәлім етті.

Компания басшысы қазіргі кезде мобильдік төлемдердің кеңінен таралуы байқалып отырғандығын атап өтті.

«Телекоммуникациялық компаниялардың пайымынша, банктердің болашағы бұлыңғыр. Себебі, телекоммуникациялық операторлар оларды ығыстырып шығаруы мүмкін»,-деді Қ. Есекеев.

Осы орайда ол Ресейдің МТС банкін мысалға ала отырып, шын мәнінде бұндай жағдай әбден мүмкін екендігін алға тартты.