Бұл туралы бүгін Қазақстанның тұрақты дамуын қамтамасыз ету және «жасыл экономика» принциптерін енгізу мәселелеріне арналған семинар барысында ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Қаппаров мәлім етті.
Қоқыс өңдеу «жасыл экономикаға» көшудің маңызды секторларының бірі екендігін баса айтқан ол: «Ағымдағы жылдың 10 қазанында Астанада қоқыс өңдейтін зауыт салтанатты түрде ашылады. Зауыт испан технологиясымен салынған әрі жылына 400 мың тонна қоқыс өңдейтін болады», - деді.
Оның атап өтуінше, зауыт елорда қажеттілігін толығымен өтеуге қауқарлы. Сонымен қатар министрлік таяу екі жылдың ішінде дәл осындай 9 зауыт салуды жоспарлауда.
«Қазірдің өзіңде таяу 10-15 жылдың ішінде 41 зауыт салу бағдарламасы әзірленді», - деді Н.Қаппаров.