деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Екі күндік бұл шараға ТМД мен Еуразиялық экономикалық қоғамдастығына (ЕурАзЭҚ) мүше елдердің мамандары, ғалымдар және мемлекеттік органдар, халықаралық даму институттарының қызметкерлері қатысуда. Олар қаржылық-экономикалық дағдарыс жағдайында Еуразия кеңістігінде мемлекеттердің өзара қарым-қатынасының даму ағымдары мен өзге де мәселелерін талқылауда.
Еуразия даму банкінің Басқарма төрағасы Игор Финогеновтың айтуынша, ықпалдастық қарым-қатынасты дамытуда ЕурАзЭҚ-та құрылған Дағдарысқа қарсы қор маңызды рөл атқармақ. Онда қор құралдарын басқару қызметін Еуразия даму банкі жүзеге асыратын болады.
«Қазір қор жұмысына қатысты құжаттардың жай-жапсары анықталып жатыр. Оны құру туралы келісім қатысушы елдер ратификациялағаннан кейін күшіне енеді. Содан кейін 2-3 айдың ішінде нақты бағдарламаларды қарауды бастаймыз», дейді И. Финогенов. Еуразия даму банкі басшысының сөзіне қарағанда, қазір күн тәртібінде нақты бағдарламалар жоқ. Дегенмен Дағдарысқа қарсы қор жұмысының жалпы бағыттары айқындалды.