«Сәуір айынан алдағы үш жылдық кезеңге республикалық бюджет жобасын қалыптастыру бойынша жұмысты бастаймыз. «Nur Otan» сайлауалды бағдарламасының іс-шаралары мен Президенттің стратегиялық бастамалары толықтай ескеріледі», -деді министр.
Е. Жамаубаев бюджет процесін жетілдіру мақсатында 2020 жылдың желтоқсанында Бюджет кодексіне түзетулер енгізілгенін еске салды.
«Түзетулер бюджеттік әрі стратегиялық жоспарлаудың үйлесімдігін, салынған қаржының экономикалық серпінін, сондай-ақ мемлекеттік органдардың жауапкершілігін қарастырады», - деді ведомство басшысы.
Бұдан бұрын хабарланғандай, ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев «көлеңкелі» экономика деңгейін төмендету жұмыстары жайында баяндады.