АСТАНА. 4 қараша. ҚазАқпарат - Таяуда Үкіметте 2030 жылға дейін Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас сызбасының негізгі ережелері талқыланып, мақұлданады. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев мәлім етті.
Оның атап өтуінше, бүгінде елімізде Елді 2020 жылға дейін аумақтық кеңістіктік дамытудың болжамды сызбасы іске асырылуда. Ол өндіріс күштерін, көлік-коммуникация, әлеуметтік және өзге де инфрақұрылымды ұтымды орналастыру және өңірлер бөлінісінде халықты қоныстандыру жүйесі болып есептелінеді. «Оны іске асыру үшін Өңірлік даму министрлігінің тарапынан 2030 жылға дейін Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас сызбасының негізгі ережелері жасалды. Жақын арада ережелер Үкімет назарына ұсынылып, мақұлданатын болады», - деді ол.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.