24 желтоқсанда Қазақстанда ел аумағында тұтас дерлік түнгі және күндізгі температура минус 2... плюс 3º градус болды, сондықтан да табиғаттың мұндай тосын мінезі температураның редкордтық 13...18º-қа дейін көтерілуіне әкеп соқты.
Таяудағы үш тәулікте ауа райында елеулі өзгерістер күтіліп отырған жоқ, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК. Бұрынғыша республика облыстарының басым бөлігінде жапалақтап қар жауып, батыстан соққан желдің екпіні 15-25 м/с-қа жетеді, бұрқасын салдарынан көрінім нашарлауы байқалады.
Батыс, оңтүстік және шығыс облыстарда көктайғақ болып, температура нормадағыдан 6...13º жоғары болмақ.