Таяудағы жылдары Қазақстанда 522 жаңа мектеп салынады - Б. Жұмағұлов

ТАНА. 25 тамыз. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Таяудағы жылдары Қазақстанда 522 жаңа мектеп салынады.

Бұл туралы бүгін Астанада «Отбасы, мектеп, қоғам - игілікті болашақ үшін бірге!» республикалық педагогикалық форум барысында ҚР Білім және Ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов мәлім етті.

«Басты жаңалықтардың бірі - 12 жылдық оқытуға көшуге байланысты мектептер құрылысының жаңа бағдарламасын іске асыру. Таяу жылдары 522 жаңа мектепті салу жоспарлануда», - деп атап көрсетті Б. Жұмағұлов.

«Салыстыру үшін айта кетейін. Мысалы, Қазақстанға қарағанда тұрғын халықтың саны 10 есеге көп Ресейде осы жылдары 670 мектептің құрылысы көзделуде. Осыған қарағанда біздің қарқынымыз әлдеқайда жоғары», - деп түйді министр.